+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

СҚО-да өткен тәулікте коронавирустан 5 адам қайтыс болды

2021 жылғы 27 қазан 12:31
Бөлісіңіз:
СҚО-да өткен тәулікте коронавирустан 5 адам қайтыс болды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте коронавирусты 147 адам жұқтырып, ауыр халде жатқан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Замбияда алғаш рет коронавирустың омикрон штамы анықталды «Омикрон» штамы Оңтүстік Африкада коронавирустың төртінші толқынын тудырды СҚО-дағы ірі комбинат өз жұмысшысының отбасындағы дүниеге келген әр балаға қомақты қаражат төлейді

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта өңірде 3 мыңға жуық адам дәрігерлердің қарауында. Науқастардың 787-сі инфекциялық стационарларда, 51-і жансақтау бөлімшелерінде емделіп жатыр. Тағы 25-і карантинге алынған.

Мамандардың айтуынша, күннің суытуына байланысты жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны артқан. Өткен тәулікте өңірде 1 720 адам ПТР тест тапсырған. Олардың әр 11-іншісінде, яғни 147 адамда коронавирус анықталды.

Қазіргі уақытта коронавирусты жұқтырғандар саны 28 012 адамға жетті, тәуір болғандар саны – 24 798. Қауіпті инфекциядан қайтыс болғандардың саны да артқан. Тек өткен тәулікте 5 адам көз жұмып, қайтыс болғандар саны 249 адамға жетті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT