СҚО-да өткен тәулікте коронавирустан 3 адам қайтыс болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте коронавирустен үш адам көз жұмып, қайтыс болғандар саны 374-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде өткен тәулікте ПТР-тест 1292 адамға жасалса, 82 адамнан коронавирус анықталды. Бұл он күн бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен екі есе аз. Сырқаттанғандар саны азайып келеді. Алайда, облыс әлі күнге «қызыл» аймақта тұр.

Қазір инфекциялық стационарларда 526 адам ауырып жатыр, емдеу мекемелері 32 %-ға жүктелген. Жансақтау бөлімшелерінде жатқандар саны да азайды, 51-ден 45-ке дейін түсті. Індет басталғалы 32 993 адам КВИ жұқтырса, 28 886 адам тәуір болып шықты.

Өкінішке орай өткен тәулікте корнавирустан 3 адам көз жұмды, қайтыс болғандар саны 374-ке жетті.


Соңғы жаңалықтар