СҚО-да өткен тәулікте бір айдың нормасынан артық қар жауды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте қатты боран соғып, бір айдың нормасынан артық қар жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК СҚОФ мәліметінше, өңірдің ауа райына өткен тәулікте Оңтүстік Каспийден келген циклон әсер еткен.

Салдарынан кей жерлерде бір айдың нормасынан артық қар жауды.

Мәселен Петропавлда бір айдың орташа жауын-шашын мөлшері 17 мм болса, 18 ақпан мен 19 ақпанның түнінде 16,1 мм қар жауған.

Қызылжар ауданында айлық нормадан екі есе - 21 мм, Есіл ауданында норма 9-13 мм болса, өткен тәулікте 16,8 мм, сондай-ақ, Тимирязев, Тайынша, Жамбыл және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандарда да бір айдың нормасындай қар жауған.

Ал 19 ақпан өңірге антициклон келіп, ауа температурасы айтырлықтай төмендейді.

Синоптиктердің болжамынша кей жерлерде қар жауып, боран тұрады.

Желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде -20-25, күндіз -15-23 аралығында болмақ.

Бұған дейін СҚО-да қатты боранның салдарынан адасып кеткен жігіт пен 7 жасар баланың құтқарылғанын айтқан едік.

Сондай-ақ бораннан 400-ден астам үй электр қуатынсыз қалды.


Соңғы жаңалықтар