СҚО-да өткен «Мен - чемпионмын» спорттық жобасының 36 жеңімпазы Балдәурен орталығына жолдамалар алды (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында «Мен - чемпионмын» спорттық жобасының ақтық ойындары өтті. Жеңімпаз командаларға «Балдәурен» республикалық оқыту-сауықтыру орталығына жолдамалар табысталды. Бұл туралы біздің тілшімізге «Мен - чемпионмын» жобасының баспасөз хатшысы Ольга Загоруйко хабарлады.

«Ақтық кезеңде барлығы 200 оқушыдан құрылған 16 команда болған. Олар жеңіс үшін бірнеше күн таласты. Нәтижесінде 1-ші орынды Петропавл қаласының №17 ұлттық жаңару мектеп-кешенінің оқушылары иеленген. Үш команданың әрқайсысында 12 адамнан болды. Барлық 36 жеңімпаз СҚО білім басқармасының атынан «Балдәурен» республикалық оқыту-сауықтыру орталығына жолдамалар алды», - деді О.Загоруйко.

Естеріңізге сала кетейік, күзгі демалыс кезінде «Мен - чемпионмын» спорттық жобасының ойындары басталған. Іріктеу кезеңдері облыстың барлық аудандарында өткізілді. Олар күш сынау, шыдамдылық, реакцияның жылдамдығы эстафеталарынан тұрған. Жарыстарға 12-14 жас аралығындағы 5 000-нан астам мектеп оқушысы қатысты. Ақтық кезеңге көктемгі демалыс кезінде «Мен - чемпионмын» телевизиялық жобасына қатысқан 16 команда шықты. Ойын «Спорттағы жеңістерден өмір жеңістеріне!» ұранымен өтті.

«Мен - чемпионмын» балаларға арналған телевизиялық ойындар балалардың денсаулығын жақсарту, қала және облыс мектептеріндегі оқушыларды қозғалыс ойындары мен спортқа тарту мақсатымен құрылған.

Соңғы жаңалықтар