СҚО-да отбасына тыныштық бермейтін 500 төбелесқұмар жазаланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық полицейлер жыл басынан бері 500 төбелесқұмар азаматты жауапқа тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары үйлер мен пәтерлерді аралап, үй иелеріне полиция учаскелік пунктінің байланыс нөмірлері жазылған «визиткаларды» табыстауда. Сондай-ақ, олар отбасындағы жағдайға қызығушылық танытып, құқықтық тақырып бойынша кеңестер жүргізіп жатыр. 

«Петропавлдың Подгорья ауданында жүргізілген рейд қорытындысы көрсеткендей, отбасына маза бермейтін төбелескіштердің басым бөлігі - ажырасқан, алкогольді ішімдікті көп ішетін, 36 жастан асқан ер адамдар. Олардың агрессиясы жақын туыстарына, әсіресе - туған ата-анасына бағытталған. Жанжал жиі туындайтын әр отбасы учаскелік инспектордың бақылауында», - деді баспасөз қызметінен. 

Күн сайын әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің қызметкерлері отбасындағы қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алумен және оларды анықтаумен айналысуда.

Жыл басынан бері қалалық ІІБ қызметкерлері «Отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер» бабы бойынша 549 заң бұзушыны жауапқа тартқан. Ол бойынша ескертулер беріліп, 3 тәулікке әкімшілік қамауға алған.

Соңғы жаңалықтар