СҚО-да осы уақытқа дейін сайлаушылардың жартысына жуығы дауыс беріп үлгерді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ауыл әкімдерінің сайлауы белсенді өтіп жатыр. Кей аудандарда осы уақытқа дейін сайлаушылардың 60%-дан артығы дауыс беріп үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да бүгін әкімдерді сайлау аудандық маңызы бар Мамлютка қаласында және 70 ауылдық округте өтіп жатыр. Барлығы 218 елді мекен тұрғындары саяси маңызы зор науқанға қатысып жатыр.

Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, жалпы облыста 174 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Барлық 13 ауданды да қамтыған.

«Облыс бойынша сайлау бюллетеньдеріне әкімдікке 214 кандидат енгізілді. Үш округте бір орынға 2 кандидаттан, 64 округте – 3 кандидаттан және төрт округте – 4 кандидаттан үміткер енгізілді.Барлық сайлау учаскелерінде сайлау комиссиялары толық құрамда жұмыс істеп жатыр», - дейді СҚО сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскин.

Облыстың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректер бойынша, осы уақытқа дейін сайлаушылардың 44 %-дан артығы өз таңдауларын жасап үлгерді. Дауыс берушілердің белсенділігі бойынша Уәлиханов ауданы алда келеді. Мұнда 587 сайлаушы болса, солардың 63,74 %-ы дауыс берді. Сайлаушыларының көптігінен бірінші орында тұрған Аққайың ауданында тұрғындардың 52 %-ы өз таңдауларын жасады. Әзірге сайлауға қатысудан Ғ.Мүсірепов атындағы аудан 32,37 %-бен артта келеді.


Соңғы жаңалықтар