СҚО-да өрттен зардап шеккен көпбалалы отбасына үй беріледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында бес баласы бар отбасы баспанасыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай Шал ақын ауданының Ступинка ауылында болған. Өрт болған кезде үйде 4 балаласымен бірге анасы болған. Олар оқиға кезінде қауіпсіз жерге шығып, өрт сөндірушілерді шақырған. Отағасы болса үлкен қызымен бірге Шымкентте жүрген.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетіп, аз ғана уақытта өртті сөндіріп үлгерген. Зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетілді. Аздаған дене жарақаттарын алған олар орталық аудандық ауруханада жатыр.

Аудан әкімінің мәліметінше, отбасына үй алып беріп, отынмен, қажетті жиһаздармен қамтамасыз ету бағытында тиісті көмек көрсетіледі. Сондай-ақ олардың құжаттарын да қалпына келтіруге қолғабыс етіледі. Осы кезде ақша, азық-түлік пен киім-кешек алу үшін қаржы жиналып жатыр.
Өрттің себебі анықталуда.

Соңғы жаңалықтар