СҚО-да өртенген үйден екі адамның денесі табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Смирнов елдімекенінде жеке үй өртеніп, өрт сөндірушілер оқиға орнынан ер адам мен әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Аққайың ауданының Смирнов ауылындағы үй жанып жатқандығы жөнінде хабар өрт сөндіру қызметіне сағат 13.40 минут кеткенде түскен. Оқиға орнына жеткен мамандар Жамбыл көшесіндегі 63-үйден 49 жастағы ер адам мен 46 жастағы әйелдің денесін алып шықты. Мамандар өрт темекі тұқылынан шықты деп болжап отыр.

Ал Петропавл қаласында Абай көшесіндегі 59-үйде шыққан өртте денесінің 75% күйік алған ер адамды құтқару мүмкін болмады.

«2 қазан күні Петропавлдағы тоғыз қабатты үйдің 6-қабатындағы екі бөлмелі пәтерден өрт шықты. Мамандар 1973 жылы туған ер адамды ауыр халде алып шығып, ол 3-қалалық ауруханаға жеткізілді. Алайда қатты күйік алған ер адам 3 қазан күні қайтыс болды. Көршілерінің айтуынша, ол ішімдікке әуес болған. Өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болды», - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев.

Жалпы, жыл басынан СҚО-да 497 өрт болып, 38 адам қаза тапты. 13 адам жарақат алды.



Соңғы жаңалықтар