СҚО-да өртенген тұрғын үйден әйелдің денесі табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Архангелка елдімекенінде тұрғын үйден өрт шығып, 81 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 желтоқсан күні сағат 16.30 шамасында Қызылжар ауданы, Бескөл ауылының № 13 өрт сөндіру бөліміне Архангелка елдімекенінде тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түседі.

Өрт сөндірушілер бірден оқиға орнына аттанады. Бескөл мен Архангелка ауылдарының арасы 28 шақырым.

Мамандар жеткенше жарты сағаттан өтіп кеткен. Олар келгенде жалын бүкіл үйге жайылып үлгеріпті.

49 шаршы метр аумақты шарпыған өрт тек екі сағаттан кейін ғана сөндірілді. Баспана толық жанып кетті. Ал үйдің ішінен үй иесі – 81 жастағы әйелдің денесі табылды.

Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.


Соңғы жаңалықтар