СҚО-да өртенген саяжайдан ер адамның денесі табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында саяжай учаскесінде өрт шығып, оның иесі 65 жастағы ер адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 21 сәуір күні таңертең Петропавлдың «131 шақырым» ауданында орналасқан «Буревестник» саяжай

қоғамдастығында болған. Өрт жайында хабарлама 101 нөміріне кеш түскен. Әрі жақын маңда өрт сөндіру бөлімінің болмауы да әсер етіп, өрт сөндірушілер келгенше от маңайға жайылып үлгеріпті.

Мамандар күш алған өртпен 2 сағаттан артық арпалысты. Өкінішке орай саяжай учаскесінің иесі – 1956 жылы туған ер адамның денесі табылды. Бір шатырдың астындағы үй, монша және гараж толық жанып кетті. Алдын ала болжам бойынша, отты абайсыз қолдану себеп болуы мүмкін.

«Саяжай кооперативтерінде өрттің шығуына негізінен кепкен шөп пен қоқысты жағу себеп. Біздің елімізде қолданылатын өрт қауіпсіздігі ережелерінде: «Бақша учаскелері мен саяжай аумағы үнемі таза ұсталып, қоқыстардан жүйелі түрде тазалануы керек» делінген.

Қалдықтар мен қоқыстарды жинау және кәдеге жарату үшін ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 25 метр қашықтықта арнайы бөлінген орындарда қақпағы жабылатын металл ыдыстар орнатылуы қажет. Ал дұрысы, қоқысты жою саяжай тұрғындарының емес, арнайы қызметтердің міндетіне айналуы тиіс. Сондықтан коммуналдық қызметпен келісімге отырған маңызды», - дейді СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Марина Самойленко.


Соңғы жаңалықтар