СҚО-да өртенген автобустың жүргізуші мерт болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында автобус апатқа ұшырап, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға болған жерде түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды. Облыстық ішкі істер департаменті Камаз бен автобустың соқтығысып қалғанын растады. Апат «Астана - Петропавл» тасжолының бойында Аққайың ауданында болған.

«Екі көлік соқтығысып қалғанда жеке ұйымға тиесілі автобус өртке оранған. Автобус жүргізушісі жол апаты болған жерде қаза тапқан, көлікте жолаушылар болмаған. Оқиға орнында Аққайың аудандық ІІБ тергеу-жедел тобы, ТЖ, жол-патрульдік полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

«Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар