СҚО-да орташа жалақы көлемі 113 мың теңгені құрады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының статистика мамандары бір жұмыскердің орташа айлық жалақысын есептеп шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орташа айлық жалақы көлемі 113 336 теңгені құрады.

Салалық құрылым бойынша алатын болсақ, ең жоғарғы жалақы тау-кен өнеркәсібі және карьер өңдеу саласында болып шықты. Бұл саланың жұмыскерлері орта есеппен алғанда 220 100 теңге жалақы алады, бұл облыс бойынша орташа көрсеткіштен 1,9 есе жоғары. Қаржы және сақтандыру саласы қызметкерлерінің айлық табысы - 219 554 теңге. Көлік және қаттау саласында орташа жалақы 174 127 теңгені құрады.

Статистика мамандары жалақысы төмен салаларды да анықтады. Ең төменгі табыс өнер, ойын-сауық және демалыс саласы мамандарына тиесілі екен - 75 064 теңге. Бірақ әкімшілік және көмекші қызмет көрсетуші салада жалақы одан да аз болып шықты - 72 751 теңге. 

Соңғы жаңалықтар