+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

СҚО-да Орталық Азиядан келген 3 мың мигрант еңбек етеді

2019 жылғы 9 желтоқсан 14:06
Бөлісіңіз:
СҚО-да Орталық Азиядан келген 3 мың мигрант еңбек етеді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында еңбек мигранттарына рұқсат беру және оның мерзімін созу құжаты шетелдіктердің сұранысына ие мемлекеттік қызметтердің бірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл өңірде Орталық Азиядан келген 3 мыңға жуық азамат жұмыс тапқан. Мигранттардың басым бөлігі – 1908 адам – Өзбекстанның тұрғындары. Әзербайжан мен Тәжікстаннан жұмыс іздеп келетіндердің де саны аз емес. Молдовия мен Грузияның азаматтары да көші-қон қызметінде рұқсат алған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, шетелдік жұмысшылар негізінен құрылыс саласында жұмыс істейді және жөндеу жұмыстарымен айналысады.

Өңірге келген еңбек мигранттарының 341-і – әйелдер. Олар көбіне бала бағушы немесе үй қызметшісі болып орналасады екен.

Жыл басынан көші-қон қызметі 230 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсеткен. Олардың басым бөлігі ҚР азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуге қатысты. Сондай-ақ 63 мың солтүстікқазақстандық көші-қон қызметіне мекен жай анықтамасын алу үшін келген. Тағы 43 мың тұрғынға төлқұжат пен жеке бас куәлігі берілген.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде мемлекеттік органдардың тұрғындармен тиімді байланысын атап көрсетті. Біздің ведомствода көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруда үнемі жұмыстар жүргізіледі. Соның бірі – жұмысты цифрлық форматқа көшіру. Бұл – жұмысты жылдамдатып, қолжетімділікті арттырады және сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді», - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Думан Таев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT