СҚО-да Орталық Азияда теңдесі жоқ ет комбинаты іске қосылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО Тайынша ауданының Новоивановка елдімекенінде өнімі экспортқа бағытталған заманауи ет комбинаты пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпорынның жұмысымен СҚО әкімі Құмар Ақсақалов танысты.

Комбинат етті терең өңдейді. Кәсіпорынның шикізат қуаттылығы - 5 мың тонна ет. 3 мың тонна дайын өнім шығарады. Бұл - шұжық өнімдері және жартылай фабрикаттар. Дайын өнім экспортқа жіберіледі.

«Бұл кәсіпорынның Орталық Азияда баламасы жоқ. Инвестиция көлемі - 5 млрд тг. Кәсіпорында 74 жаңа жұмыс орны ашылды, барлығы 100 адам жұмыс істейтін болады», - деді Құмар Ақсақалов.

Ет комбинаты неміс технологиясы бойынша салынған. Бірнеше цех жұмыс істейді. Жуырда үлкен шошқа кешені де ашылды. 50 мың малға шақталған. Қазір кешенде 92 адам еңбектенуде. Жуырда дәл осындай тағы бір кешеннің құрылысы басталады.

«Болашақты жоспарлай отырып жұмыс істейміз. 2020 жылы шошқа кешеніндегі малды 100 мыңға жеткізбекшіміз. Сондай-ақ, өзіміздің жемазық зауытын саламыз. Халықаралық биоқауіпсіздік және әлемдік ауылшаруашылығы талаптарына сай кешенді әрі қарай үлкейтетін боламыз. Жоспар бойынша ауыл шаруашылығы саласын дәнді дақылдарды өсіруден бастап, отандық өнім ет пен ет өнімдерін дүкен сөрелеріне жеткізуге дейін кешенді дамытамыз. Бұл өңірдің көптеген мәселелерін шешеді», - дейді «EMC Agro» ЖШС директоры Қанат Атейбеков.

Былтыр Тайынша ауданында «Bio Operations» зауыты іске қосылды. Нысанда қазір 450 адам жұмыс істейді. Бірегей кәсіпорын крахмал мен кілегей шығарады. Ал биоэтанолдың алғашқы партиясын жыл соңында шығармақ. Барлығы үш кәсіпорында 600-ден аса жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл кәсіпорындар өңір экономикасының дамуына зор септігін тигізбек.

null null

Соңғы жаңалықтар