СҚО-да өрт сөндіру қызметінің бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бұрынғы басшысына пара алғаны үшін жаза кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының мәліметінше, ведомство «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ басшысы Г.Ибраевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Бұрынғы басшы 1 200 доллар көлемінде пара алу күдігіне ілінген еді. Ол бұл соманы кәсіпорын директорынан жалпы қамқорлығына алғаны үшін және антенна құрылғысын орнату жөнінде жұмысты орындалды деп актілерге кедергісіз қол қойғаны үшін алған.

19 наурызда Петропавл қалалық сотының үкімімен Ибраев 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ енді ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды жұмыс атқара алмайды.

Соңғы жаңалықтар