СҚО-да өрт оқиғалары жиіледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 5 мамыр күні өрт сөндірушілер 30-ға жуық шақырту алды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде өрттің шығуы жиілеп кетті. Оның себебі тұрғындар көп жағдайда қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Үй-жайдың қасында кепкен шөп пен қоқыс өртеудің соңы байқамаса, өртке ұласуы мүмкін.

Сондай өрттердің бірі Петропавлдағы «Ромашка» саяжай кооперативінде болды. Саяжай аумағында 9 гектар жер өртке оранды. №2 шақырту бойынша тілсіз жаумен күреске барлық күш жұмылдырылды. Оқиға орнында 7 техника, жеке құрамның 30 адамы жұмыс істеді. Шамамен бір сағаттың ішінде жалын толықтай ауыздықталды.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, үш саяжай үйі жанып кетті. Мамандардың жұмысын кірме жолдардың болмауы және қатты жел қиындатып жіберген.

Жалпы, өңірде көктем шыққалы 30 гектар алқапта 5 орман өрті және 200-ден астам шөп пен қоқыс жанған. Әкімшілік жауапқа 39 кінәлі тұлға тартылып, 303 мың теңгеге айыппұл салынған.

Соңғы жаңалықтар