СҚО-да орманды отаған тұрғын 40 тәулікке қамалуы мүмкін

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында «Браконьер» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталып, 100-ден астам заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мағжан Жұмабаев ауданында орманды заңсыз отағаны үшін Булаев қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол Медвежка ауылының маңында 304 қайың мен 47 теректі тиісті құжаттарсыз кескен. Табиғатқа келген шығын - 270 мың теңге шамасында. Ер адам енді 40 тәулікке дейін бас бостандығынан айырылуы немесе 400 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Сондай-ақ ол шығынның орнын толтыруы тиіс.

«Қостанай облысының екі тұрғынына да айыппұл салынуы мүмкін. Олар Тимирязев ауданында 300 келідей заңсыз балық аулаған. Операция барысында заңсыз балық аулаған 27 адамды анықтадық, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - СҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Сергей Липко.

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес күнінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 117 дерек анықталды. Сондай ақ тәртіп сақшылары қазіргі уақытта аң мен құс аулауға тыйым салынғанын ескертеді. Ал балықты рұқсат алған жағдайда ғана аулауға болады.

null

Соңғы жаңалықтар