Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

СҚО-да өнеркәсіп саласында жұмысшылар жетіспейді

2019 жылғы 26 сәуір 11:36 409
Бөлісіңіз:
СҚО-да өнеркәсіп саласында жұмысшылар жетіспейді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат  - СҚО-да өнеркәсіп саласында жұмысшылар жетіспейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Электронды еңбек биржасы: 130 мың адам жұмыс тапты Ақтөбеде жазасын өтеп шыққандар құжат дайындауда қиындыққа ұшырасады

СҚО статистика департаментінің мәліметінше, мамандар ірі және орта кәсіпорындардағы кадрлар қажеттілігі туралы есеп жүргізді.

Кадрларға қажеттілік және саны бойынша статистикалық ақпарат қаржы және сақтандыру қызметінен, мемлекеттік басқару және қорғаныстан, міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуден, өзге де қызмет түрлерін ұсынатын мекемелерден, экономикалық қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыратын ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдардан алынды.

Мамандардың айтуынша, 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін зерттелген кәсіпорындардағы қызметкерлердің саны - 65,7 мың адам, бос жұмыс орындар саны - 1, 04 мың. Есептік кезеңде қызметкерлер қажеттілігі 462 адамды құрады. Қызметкерлердің тізімдік санындағы бос жұмыс орындар үлесі 1,6%-ды құрады.

«Бос орындардың басым көпшілігі «кәсіби мамандар» кәсіпкерлік қызмет тобы бойынша белгіленді - 332 адам қажет болса, бұл - 28,1%. «Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа тектес қызметтердің жұмысшылары» кәсіптік тобы бойынша бос орындар саны - 192, «әкімшілендіру саласындағы қызметшілер» - 118», - дейді статистер.

Ал, экономикалық қызмет түрлері тобында, мамандардың есебінше, ең көп бос жұмыс орындары өнеркәсіп саласында тіркелген - 351. Ал құрылыс саласына небәрі бір жұмысшыға ғана сұраныс болған. Қоғамдық тамақтандыру және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар салаларында бос жұмыс орындары жоқ.

 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT