СҚО-да оқушылар мен ұстаздан КВИ анықталып, мектеп карантинге жабылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы Архангелка орта мектебінде коронавирус ошағы анықталып, мектеп толық қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, Қызылжар ауданы Архангелка елді мекенінде 4 оқушы мен мұғалім коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Бірнеше сынып балалары ауырғандықтан мектеп толық қашықтан оқуға көшірілді. Енді 122 баланың барлығы ең кемі екі апта онлайн форматта оқымақ.

Мамандардың айтуынша, тек өткен қараша айында СҚО-да 68 оқушы, 24 мұғалім коронавируспен ауырды. Мектептер карантинге жабылғанымен оқу процесі үзілмейді, оқыту форматы ғана ауыстырылады.

Бүгін СҚО-да коронавирус бойынша жағдайдың тұрақталғанын айтқан едік, өңір «қызылдан» «сары» аймаққа көшті.



Соңғы жаңалықтар