СҚО-да облыстық бюджеттен бөлінген 3 млрд. астам теңге мақсатына сәйкессіз жұмсалған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында тексеру комиссиясы биылғы жылғы 10 айдың қорытындылары бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 65 мекемені тексерді.

Тексеріс қорытындылары бойынша, 3 млрд. астам теңге мақсатсыз жұмсалғаны анықталған. Бұл туралы СҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Амандық Сейфуллин хабарлады.

Тексеру комиссиялары облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстағы барлық ұйымдарды тексереді. Мемлекеттік қазынаның әрбір теңгесі бұл ведомствоның ерекше бақылауында. «10 айдың ішінде 65 нысанда 15 тексеріс жүргіздік. Бұл ретте 23 млрд. 209 млн. теңге бақылауға алынған. Қаржылық тәртіптің 3 млрд. 994 млн. теңге соманы құрайтын бұзушылығы анықталды. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасынан 242 млн. теңге қайта төленуі тиіс. Бүгінде нысандар 169 млн. теңгені қайтарды. Қалған 71 млн. бойынша орындау мерзімі әлі келген жоқ», - деп баяндады Сейфуллин. Бюджеттік қаражатты жұмсау кезінде жол берілген бұзушылықтар - қаржының мақсатқа сай жұмсалмауы, мемлекеттік сатып алулар үдерісінің бұзылуы, штатқа рұқсат етілгеннен көп қызметкер алу. Осындай фактілер саны бойынша Ақжар аудандық білім бөлімі көш бастап тұр, дейді ревизорлар. 400 млн. астам теңге заң бұзушылықпен пайдаланылған. Барлық тексерістердің қорытындылары бойынша 200-ден астам солтүстікқазақстандық әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Енді олар жалпы сомасы 15 млн. астам теңгені құрайтын айыппұл төлеуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар