СҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасымен жыл соңына дейін 1 500-дей пәтер беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Солтүстік Қазақстан облысында биыл «Нұрлы жер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында 1 446 пәтер беру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Баспана алу кезегін қысқарту бойынша мүмкін болған барлық шараларды қолға алдық. «Нұрлы жер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында биыл жалпы ауданы 117,3 мың шаршы метрді құрайтын 16 тұрғын үй немесе 1 446 пәтер қолданысқа беріледі. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп», - деді Қ.Ақсақалов.

Облыс басшысы келтірген деректерге сәйкес, барлық қаржыландыру көздері есебінен жалпы аумағы 200 мың шаршы метр баспананы қолданысқа беру жоспарланған. Бұл өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 122%-ға көбірек.

Соңғы жеті айда облыс бойынша 59 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар