СҚО-да некесін бұзатындар саны екі есе азайған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қаңтар-маусым аралығында 3294 нәресте дүниеге келсе, олардың ішінде ұлдардың үлесі басым, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО Статистика департаментінің мәліметінше, өңірде 1699 ұл бала дүниеге келсе, қыздардың үлесі жүзге кем. Балалардың 42,3% Петропавлда туған. Ал аудандар арасында ең жоғары туу коэффициенті Уәлиханов ауданында тіркеліп отыр. Мамлют ауданы туу көрсеткішінен соңғы орында.

Осы аралықта СҚО-да 3158 адам қайтыс болды.

«Өлімнің 17,4%-ын қан айналымы жүйесінің аурулары, 15,6% - тыныс органдарының аурулары, 9% - ас қорыту органдарының аурулары алады. Ал 8,4%-і жазатайым оқиғаларға, улану мен жарақаттануға тиесілі», - дейді СҚО Статистика департаментінің бас маманы Ольга Бубенко.

Биыл некеге тұрып, айырылысқандар саны едәуір аз. 2020 жылдың алты айында 1124 неке тіркелген, ол 2019 жылдың көрсеткішінен 17,5% төмен. Бұзылған неке саны 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 53% кеміп, 469-ды құрады.

СҚО-ға жыл басынан 2398 адам көшіп келсе, 4131 адам қоныс аударған. Бұл - 2019 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 33,1% кем.

«Облыс аумағынан көшіп кеткендер - 94,4%-ы ТМД елдеріне кетіп, Сондай-ақ қоныс аударғандардың 87,1%-ы ТМД елдерінен келген. Біздің облыстан шыққан эмигранттардың негізгі бөлігін - 98,9% Ресей қабылдайды. Облысқа ТМД елдерінен келгендердің арасында да Ресей көш бастап тұр, оның үлесі 89,2%. Әлемнің басқа елдеріне облыстың 56 тұрғыны қоныс аударды, облысқа тұрақты тұруға 44 адам келді. Шетелге кететіндер негізінен Польша және Германияны таңдайды. Оларға басқа елдерге кеткендердің 94,6%-ы қоныс аударды. Көшіп келгендер арасында Монғолия және Қытай тұрғындары басым, олардың үлесі - 65,9%», - дейді Ольга Бубенко.

Жалпы 2020 жылғы 1 шілде бойынша облыстағы халық саны 547,1 мың адамды құрады, оның ішінде 253,2 мың адам, яғни 46,3%-і қалалықтар, қалған 293,9 мың адам ауылдарда тұрып жатыр.


Соңғы жаңалықтар