+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

СҚО-да науқаспен байланыста болған екі адам коронавирус жұқтырды

2020 жылғы 3 маусым 09:34
Бөлісіңіз:
СҚО-да науқаспен байланыста болған екі адам коронавирус жұқтырды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда науқаспен жақын қарым-қатынаста болған екі адамнан қауіпті індет анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда кәсіпкер облыстық ауруханаға оттегі концентраторын тарту етті Елордада дәрігерлер тұрғындарға бейнебайланыс арқылы тегін консультация береді Нұр-Сұлтанда «Үйдегі дәрігер» жобасы аясында Отбасылық денсаулық орталығы ашылды

Шұғыл штабтың мәліметінше, COVID-19 індетін жұқтырған екеу Петропавл қаласында тұрады. Ер адам - 1955, әйел – 1988 жылы туған. Олар астанада емделіп, сол жақта коронавирус жұқтырып алған 63 жастағы әйелмен жақын қарым-қатынаста болған.

COVID-19-ға тексеру нәтижесінде олардың сараптамасы оң нәтиже берді. Қауіпті вирусты жұқтырғандар Петропавлдағы бірінші қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Науқастарда аурудың клиникалық белгілері жоқ. Олармен байланыста болған 7 адам анықталды. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы, 2 маусымдағы жағдай бойынша СҚО аумағында COVID-19 вирусын жұқтырған 61 адам тіркелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT