СҚО-да Ньюкасл құс ауруы бойынша карантин алынды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданының Елецкое ауылында карантиннің тоқтатылғаны туралы хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Елді мекенде шілде айынан бастап құстардың Ньюкасл ауруына байланысты карантин жарияланған. Осы уақыт бойы ауылдан құстарды шығаруға тыйым салынды.

Солтүстік Қазақстан облысының ветеринария басқармасында ауылдағы әрбір үйдің ауласында дезинфекция жүргізілгені туралы мәлім етті. Елецкое ауылында 2,5 мыңнан астам тауыққа екпе жасалды. Құстардың Ньюкасл ауруы жойылды.

Айта кетерлігі, Ньюкасл ауруы - құстардың вирустық ауруы. Вирус адам денсаулығына ешқандай қауіп төндірмейді.

Соңғы жаңалықтар