СҚО-да мұзы қалың көлдерде аэрация жұмыстары қолға алынды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да мұздың қалың болуына байланысты көлдер қолдан оттегімен байытылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аэрация жұмыстарын көлдерді жалға алушылар, ал резервтік су қоймаларында ауамен байыту жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Осы мақсатқа арнайы мелиоративті техника сатып алынған.

Мамандардың айтуынша, көлдерді оттегімен қанықтыру жұмыстары қаңтар айының соңынан басталадаы, сосын наурыз айы беткенше жүргізіледі. Өйткені осы аралықта су жәндіктерінде мұздың қалыңдығынан ауа жетпейді.

«Биылғы жағдай былтырғы жылмен салыстырсақ әлдеқайда нашар. Себебі қар қалың түсті, яғни мұз да қалың.Тіпті кейбір су қоймаларында мұз екі қабаттан құралған. Су қоймасында қысым өсіп, балықтар қырылып қалуы мүмкін», - дейді Соколов мемлекеттік мекемесінің маманы Сергей Брюхов.
null

Қызылжар ауданында орналасқан Соколов мемлекеттік мекемесінің резервінде осындай 23 су қоймасы бар. Аэрация жасалмас бұрын көлдердің тереңдігі, аумағы, жәндіктер әлемі ескеріледі. Соған байланысты тиімді әдіс-тәсілдер қолданылады.

Аэрация үшін моторлы бұрғылар, мотосорғылар, аэраторлар және судағы оттегіні өлшейтін басқа да жабдықтар қолданылады. Көлдерді жалға алып, тиісті жұмыстарды атқармағандар жауапкершілікке тартылады. Балықтардың қырылуына жол берген жағдайда олармен жасалған келісімшарт бұзылады және табиғатқа келтірген шығын мөлшері өндіріліп алынады.
null

«Көлдің жағдайын сондағы балықтан білуге болады. Ол үшін алдын ала бақылау торларын құрамыз. Торға түскен балық шоршыса көлдегі оттегі жеткілікті болғаны. Ауа жетіспеушілігі болса балықтардың қозғалуға шамасы болмайды», - дейді «Чепурной» шаруа қожалығының бригадирі Николай Константинов.

Облыста балық шаруашылығымен айналысуға қолайлы 461 көл бар, оның 300-ге жуығы пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда осы көлдердің басым бөлігі оттегімен қолдан байытылды.

null

Соңғы жаңалықтар