+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

СҚО-да монополистерге тарифті көтергені үшін айыппұл салынды

2018 жылғы 12 қараша 10:22
Бөлісіңіз:
СҚО-да монополистерге тарифті көтергені үшін айыппұл салынды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы монополистердің жылу мен электр энергиясына тарифтерді көтеру фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақылау органы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Севказэнергосбыт» ЖШС жеке кәсіпкерлерге пайдаланған электр энергиясы үшін бағаны көтеріп шот-квитанция берген.

«Тарифтерді 19,41 теңгеден 15,51 теңгеге дейін төмендету арқылы тұтынушыларға 40 млн теңге өндіріледі. «Петропавл жылу желілері» ЖШС мен «Солтүстік Қазақстан үйлестіру электр желілері компаниялары» АҚ-ның тарифтік сметаларды осы жолмен қымбаттатқаны анықталды», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тексеру қорытындысы бойынша энергия беру ұйымдарының жылу мен электр энергиясына тарифтері реттелді. Олар 1 қарашадан бастап іске қосылды. Жылуға белгіленген тариф 2019 жылдың 31 қазанына дейін, ал электр энергиясына 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін өзгермейді.

«Петропавл жылу желілері» ЖШС мен «Солтүстік Қазақстан үйлестіру электр желілері компаниялары» АҚ-ға табиғи монополиялар саласындағы бұзушылығы үшін 2,6 млн теңге сомасында айыппұл салынып, әкімшілік жауапқа тартылды», - деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT