+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

СҚО-да мерейтойлық жылдың ресми ашылуы өтті

2020 жылғы 20 ақпан 09:25
Бөлісіңіз:
СҚО-да мерейтойлық жылдың ресми ашылуы өтті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Ұлы дала ұлдары Шығыс ойшылы әл-Фарабидің, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының, жазушы Сәбит Мұқановтың мерейтойларын және орта ғасыр мемлекеті Алтын Орданың мерейтойын мерекелеу ресми түрде бастау алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейдегі музейде «Ақын жүрек» атты көрме ашылды Алматы әкімі Роза Бағлановаға ескерткіш орнату туралы ұсынысты қолдауды тапсырды Елордада Фаряди Мохаммад Масудтың «Ауған өнерінің сыйы» атты көрмесі ашылды

Салтанатты іс-шара С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Ұлы даланың Ұлы тұлғалары» сұхбат алаңынан басталды. Оған танымал абайтанушылар және әл-Фарабидің ғылыми мұрасының зерттеушілері қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев өзінің алғы сөзінде мерейтойлық даталарды мерекелеу аясында іс-шаралар тұжырымдамасы әзірленгенін айтты. Өңірлік жоспар бойынша облыстық деңгейдегі 83 және аудандық деңгейдегі 250-ден астам әр түрлі форматтағы және қоғамдық маңызды шаралар өтпек.

«Олар қоғамдық парызға, белсенді азаматтық ұстанымға, патриотизмге құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған. Өйткені, жас ұрпақты ел тағдыры үшін жауапкершілікке үйрету маңызды міндеттердің бірі. Биылғы жыл біз үшін, Отанымыз үшін, жалпы халқымыздың консолидациясы жылы болуы керек», - деді Руслан Әлішев.

Аса маңызды шаралар қатарына қазақ және орыс драма театрларының арнайы қойылымдары, Ресейде «Абай жолымен» атты облыстың мәдениет күндері, республикалық ақындар айтысы, «әл-Фараби және Абайдың мұрасы. Білімді ізгілендіру» халықаралық форумы, «әл-Фараби руханияты» атты оқушылардың халықаралық турнирі және т.б. енген.

СҚО ішкі саясат басқармасының мәліметінше, облыстық кітапханада Open spase форматында Абайдың мұрасын зерттеу орталығы ашылды. Аудан орталықтарының және болашағы зор ауыл мектептерінде Абай орталықтары ашылған. әл-Фарабидің идеялары негізінде «Мектеп - ізгілік қаласы ретінде» жобасы енгізіліп жатыр.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті негізінде Абайтану ғылыми-танымдық орталығы құрылып, Тіл және әдебиет институтына Абайдың атын беру туралы шешім қабылданды.

Облыс орталығының аялдамаларында Абайдың шығармаларына сілтемелері берілген QR-кодтар орнатылған. Абай және әл-Фарабидің есімдері берілген көшелерді абаттандыру, сондай-ақ ғимараттардың қасбетіне ұлы ойшылдардың ұлағатты сөздерін жазу және олардың портреттерін салу бойынша «Стрит-арт» акцияларын өткізу қарастырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT