+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

СҚО-да мереке күні 20 шақты әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

2019 жылғы 6 шілде 19:24
Бөлісіңіз:
СҚО-да мереке күні 20 шақты әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында елорда күні 20-ға жуық әлеуметтік нысан салтанатты түрде ашылып, ондаған отбасы қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданы Новоишимка ауылының тұрғындары үшін бүгін қос мереке. Астана күні 26 отбасына аудан әкімі көптен күткен баспаналарының кілттерін салтанатты түрде табыс етті.

Бүгін Шахмановтар шаңырағында үлкен той. Бұған дейін әркімнің үйін жағалап келген көп балалы отбасының көптен күткен арманы орындалды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үйелмен жайлы да, кең 3 бөлмелі пәтерге кірді. Отағасы Қанатбек теміржолда жүргізуші, зайыбы Асылжан балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып еңбек етеді екен.

Аудан орталығы Новоишимде салынған көп қабатты үйден жаңа пәтерлер көп балалы отбасыларға, әлеуметтік аз қамтылған, мүгедектер мен жетімдерге және мемлекеттік қызметшілерге бұйырды.

Сонымен қатар Рузаевка ауылында 60 орындық «ФК Рузаевка.кз» қонақ үйі ашылды. Жергілікті кәсіпкер бос тұрған екі қабатты үйді сатып алып, 35 млн теңгеге күрделі жөндеген.

«Қонақ үйде хостел де жұмыс істейді. Ең басты қонақтарымыз ол әрине, спортшылар. Біздің елді мекенде спорт жақсы дамыған. Футбол ойнауға келген ойыншыларға жайлы болсын деп ыңғайлы керуеттер, теледидар қойдық. Асханасы бөлек жұмыс істейді. Мақсатымыз - бұқаралық және кәсіби спорттың дамуына өз үлесімізді қосу», - дейді кәсіпкер Игорь Романенко.

Тамыз айының соңында Новоишим елді мекенінде тағы бір көп қабатты үйдің құрылысы басталмақ. Оған республикалық қазынадан 84 млн теңге бөлініпті.

Жалпы СҚО бойынша мереке күндері 20-ға жуық әлеуметтік нысан ашылады деп жоспарланған. Бұған дейін айтқанымыздай, елді мекендерде дәмхана, монша, спорт алаңдары, коворкинг орталықтар ашылып, бірнеше жаңа цех жұмысын бастамақ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT