СҚО-да «Мен патриотпын» марафонында 20 мың адам жүгірді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 4 маусым - Қазақстан Республикасы рәміздері күніне орай Солтүстік Қазақстан облысында «Мен патриотпын» марафоны өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен патриотпын» марафонын жүгіріп өтуге Петропавл қаласында 1,5 мың адам шықты. Олардың арасында мектеп оқушылары, студенттер, кәсіби спортшылар, тіпті жасы 60-70-тен асқан қариялар да бар. Марафоншылар Орталық алаңнан бастап бірнеше көшені жүгіріп өтті. Марафонның ұзындығы - 2 шақырым 400 метр.

Петропавл қаласының тұрғыны Сергей Киселев биыл 60 жаста. Салауатты өмір салтын ұстанатын қария қалалық марафондарға 12 жасынан бастап қатысып келеді.

«Мұндай бұқаралық спорт сайыстарын жиі ұйымдастырған жөн. Бұл халықты біріктіреді. Әрі денсаулыққа пайдалы. Жалпы менің өмірлік ұстанымым «Қозғалыс - өмір негізі». Адам спортпен шұғылданбаса, қозғалмаса, денсаулығы нашарлай бастайды. Сондықтан барлығын осындай шараларға жиі қатысуға шақырамын», - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Сергей Киселев.

«Мен патриотпын» марафоны облыстағы барлық аудандарда да өткізілді.
null

«Бүгінгі мерекеге орай «Мен патриотпын» атты облыстық акция ұйымдастырылды. Өңіріміздегі аудандарды қосқанда шамамен 20 мыңға жуық тұрғын марафонға қатысты. Марафонның осылай аталуының мәні бар. Өйткені нағыз патриоттар, жеңімпаздар Қазақстанның туын асқақтатып, әлемдік аренада биікке көтереді, әнұранымыз ойнайды», - дейді облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин.

Қашықтықты бірінші бағындырғандар сертификаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

null

Соңғы жаңалықтар