+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

СҚО-да меморгандардың қаражатты қандай мақсатқа негізсіз жұмсамақ болғаны анықталды

2021 жылғы 21 қазан 18:58
Бөлісіңіз:
СҚО-да меморгандардың қаражатты қандай мақсатқа негізсіз жұмсамақ болғаны анықталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Сатып алудың бірыңғай терезесі» порталына мониторинг жасап, бірқатар мемлекеттік органның бюджет қаражатын негізсіз жұмсауына жол бермеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әйелдер колониясында негізінен есірткі қылмысы және адам өлтіргені үшін отыр – жедел уәкіл СҚО-да үй карантинін бұзғандарға 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды СҚО-да ақша беріледі деген жалған хабарлама WhatsApp желісі арқылы тарап жатыр

Бұған дейін СҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуымен 300 млн теңгеге жуық мемлекет қаражатының үнемделгенін айтқан едік. Ведомство сатып алу бағаларын орынсыз көтерудің 31 дерегін анықтады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымын негізге ала отырып, мекемелер мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгеріс енгізді.

Мәселен, Ақжар ауданындағы балалар-жасөспірімдер мектебі 80 млн теңгеге жабық спорт ғимаратын, ал ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 30 млн теңгеге ғимарат сатып алмақ болған. Кейін олар мұндай бағамен алудан бас тартты.

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімі өте қымбатқа – 17,9 млн теңгеге алмақ болған спорттық құрал-сайманнан бас тартты.

СҚО жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдар басқармасы 27,2 млн теңгенің екі қазандығын 9,8 млн теңгенің қазандығына ауыстырды.

Аққайың ауданының білім бөлімі 13,9 млн теңгенің тауарынан, ал Жамбыл ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі 12,5 млн теңгенің қар тазалағышынан бас тартты.

Ал ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «Еңбек-Қызылжар» РМК филиалы көмірді арзанырақ бағаға алып, бюджеттің 8,6 млн теңгесін үнемдеді.

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджетті жоспарлау сатысында оның орынсыз жұмсалу фактілеріне жол бермеу мақсатында ай сайын «Сатып алудың бірыңғай терезесі» порталына мониторинг жасап отырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT