USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

СҚО-да мемлекеттік қызметшілердің 64 пайызы - әйелдер

2021 жылғы 25 қазан 22:15
Бөлісіңіз:
СҚО-да мемлекеттік қызметшілердің 64 пайызы - әйелдер

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүргендердің 64 %-ы қыз-келіншектер болса, лауазымды қызметте отырғандардың 25,4 %-ы - әйелдер, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-ның ауылдық жерлердегі атқарушы органдарында кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы қолданылып жатыр. Нәтижесінде ауылдық әкімдіктерге бас және жетекші мамандардың 10-ы жұмысқа алынған. Оларға көтермеақы төленіп, тұрғын үй құрылысына немесе баспана алуға әлеуметтік қолдау көрсетілді. Бұл жайында бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Елена Степаненко өңірлік коммуникациялар қызметінде айтты.

«Мемлекеттік органдардың негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттік қызметшілерді ұстап қалу. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің стратегиялық жоспары бойынша алмасушылық 6,9 %-дан аспауы тиіс. Облыста бұл көрсеткіш - 4,1 %-дан аспайды. Осылайша мемлекеттік қызметте 3 жылдан артық жұмыс істегендердің саны 1356 адам немесе 58 %-ды құрайды. Мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі 11,4 жылға жетті», - дейді Елена Степаненко.

Жыл басынан жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің 78 %-ының лауазымы өскен.

Елена Степаненконың айтуынша, қазір мемлекеттік қызметте жүргендердің 64 %-ы - қыз-келіншектер. 139 әйел басшылық қызметте отыр. Бұл барлық жетекшілердің 25,4 %-ы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT