СҚО-да мемлекеттік кіріс департаменті басқармасының басшысы 8 мың доллар пара алған деген күдікке ілінді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және жемқорлыққа қарсы күрестің Солтүстік Қазақстан облысындағы департаменті басшылығы өңірдің БАҚ өкілдерімен кездесуінде жемқорлықтың алдын алу саласындағы өзара әрекеттестіктің көкейкесті мәселелері талқыланды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланады.

Департамент басшысы Шыңғыс Қабдола оның құрылған сәтінен бастап жұмыс қорытындылары, соның ішінде жемқорлық, құқық бұзушылықтарының алдын алу аясында атқарған жұмысы туралы айтып берді.

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жемқорлыққа қарсы қызметі СҚО МКД бойынша Экономикалық тергеу қызметінің жедел-іздеу жұмысы басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Ол кәсіпкерден тергеу алдындағы тексеріс материалы бойынша оң шешімді шығару үшін 8000 АҚШ долларын талап ету фактісімен қызметтік өкілдігін асыра пайдалануда күдікті танылды», - деп хабарлады Ш.Қабдола.

Петропавл қалалық соты басшыға қатысты «кепілге алу» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Соңғы жаңалықтар