СҚО-да мемлекеттік аудит кезінде 6,2 млрд теңгенің заңбұзушылығы анықталған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында былтыр аудиторлық тексеріс кезінде жалпы сомасы 6,2 млрд теңгенің заң бұзушылығы анықталды. Нәтижесінде 284 адам жазаланды, соның ішінде біреуі жұмысынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетінші шақырылған СҚО мәслихатының кезектен тыс XVII сессиясы өтті.

Жиында облыстық бюджеттің орындалу жағдайы да айтылды.

Жиында сөз алған СҚО бойынша ревизиялық комиссия төрағасы Тілеген Қаскин комиссиясы қызметінің негізгі көрсеткіштеріне тоқталды.

Тілеген Қаскиннің айтуынша, былтыр 15 аудиторлық және 6 сараптамалық-талдау іс-шаралары 55 нысанда жүргізіліп, 99 млрд теңге қамтылды. Соның 6,2 млрд теңгесі бойынша заңбұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 4,9 млрд теңге қаржылық заңбұзушылықтар болса, 716,2 млн теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған, 601,4 млн теңге тиімсіз жоспарлауға қатысты. Бұдан басқа 33,7 млн теңге сомасында бюджеттің тікелей шығындары, 314 рәсімдік бұзушылықтар, 4 жүйелік бұзушылықтар анықталды.

«Заңбұзушылықтардың негізгі сомасы 5,9 млрд теңге - бюджет қаражатын жұмсауға қатысты анықталған. Бүгінгі күні 4,6 млрд теңге немесе 95%-ы бюджетке қайтарылды. Өтелмеген қаражат 263,7 млн теңге, оның ішінде 68,9 млн теңге бойынша орындау мерзімі жеткен жоқ, 149,2 млн теңге бойынша мерзімінде өтеу бойынша шаралар қабылданбады және 45,6 млн теңге қайтару мүмкін болмағандықтан шығын ретінде алынып тасталды. Мамандар негізінен бухгалтерлік есеп жүргізу кезінде заңбұзушылықтарға жол берген», - дейді ревизиялық комиссия төрағасы.

Ревизиялық комиссиясы өткізген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 86 ұсыным мен тапсырма берілген.

Аудит қорытындысы бойынша 284 тұлға жауапқа тартылды, оның ішінде 170-і әкімшілік жауапкершілікке, 114-і тәртіптік жауапкершілікке, соның ішінде 69-ы ескерту, 38-і сөгіс, 6-уы қатаң сөгіс және бір адам жұмыстан босатылды. Салынған айыппұл - 3,9 млн теңгені құраған.


Соңғы жаңалықтар