СҚО-да мектептерді күрделі жөндеуге 5 млрд теңге бөлінді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Биыл Солтүстік Қазақстан облысында мектептердің жөндеу жұмыстарына жылдағыдан 12 есе көп қаражат бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабаралуынша, оқу жылы аяқталысымен-ақ мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Облыс әкімі атқарылып жатқан жұмыстарды үнемі назарда ұстамақ. Құмар Ақсақалов Петропавлдағы жөндеуді қажет ететін мектептерде болып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын көрді. Кей білім ордаларында ауқымды жөндеу жұмыстары ғимарат пайдалануға берілгелі атқарылмаған. Бірінші кезекте нысанның шатыры, терезелері мен жылыту жүйесі ауыстырылуы қажет. Жарықтандыруға да аса мән беріледі.
null

«Балаларға жылы, жарық әрі ыңғайлы болуы керек. Басты принцип осы. Оқушылар сыныптарда тоңып жүретін жәйттер бар. Жөндеуден кейін балалар, мұғалімдер мен ата-аналарға жақсы жағдай жасалады», - деді Құмар Ақсақалов.
null

Өңір басшысы қала басшылығын, білім басқармасы мен мердігерлерді жұмыстың сапасына мән беруді тапсырды. Жөнделген мектеп бір-екі жылдан кейін қайта ескірмей, көптеген жылдарға жетуі керек.
null

«Бүгін көптеген мектепті аралап шықтым. Кей нысандарда құрылысшылардың жіберген қателіктерін көрдім. Олар жұмыстарын сапалы атқаруы үшін қадағалап, бағыттап отыру қажет. Құрылыстың барысы қаланың, аудан әкімдерінің, білім бөлімдерінің үнемі назарында болсын. Мысалы, терезе дұрыс салынбаса оған жауаптылар жұмысынан кетсін. Ал мердігер айыппұл төлейді», - деді облыс әкімі.

Мектептердің жөндеу жұмыстарын өңір басшысы Құмар Ақсақалов өзі де қадағаламақ. Жалпы биыл 5 млрд теңгеге 120 білім ордасы жөнделеді. Онда шамамен 35 мың бала оқиды екен. Бұл өңірдегі барлық оқушылардың тең жартысы.
null

Соңғы жаңалықтар