+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

СҚО-да мектепте қашықтан білім беруге қосымша 596 компьютер сатып алынды

2020 жылғы 31 наурыз 17:13
Бөлісіңіз:
СҚО-да мектепте қашықтан білім беруге қосымша 596 компьютер сатып алынды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында оқушыларды қашықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін бюджеттен қосымша 116 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта өңірде 72 557 оқушы білім алады. Олардың 5 мыңға жуығы шалғай ауылдарда оқиды, яғни интернет жоқ.

«Облыстағы оқушылардың 66,8% - 48 мыңнан астамы онлайн білім алады. Ал теледидар арқылы 22,7% - 16 мыңнан астам бала сабақ оқиды. Кей оқушылардың үйінде компьютер жоқ. Петропавлда мектептер 2 747 баланы қажетті техникамен қамтамасыз етті», - дейді СҚО Білім басқармасының жетекшісі Гүлмира Кәрімова.

Өңірдегі оқушыларға мектептер тарапынан 1 775 компьютер уақытша қолданысқа берілді. Алайда бұл да аздық еткен. Мектеп оқушыларын қашықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін бюджеттен 116 млн 200 мың теңге қаражат бөлініп, оған 596 ноутбук сатып алынды.

Мамандардың айтуынша, облыста 12 мыңнан астам педагог бар. Оның 10 мыңнан астамы мұғалім. Бүгінде олар қашықтан сабақ беру үшін вебинарларға қатысып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT