СҚО-да «Мектепке жол» акциясы аясында 11 мыңға жуық балаға көмек көрсетіледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы аясында биыл жаңа оқу жылы қарсаңында 11 мыңға жуық оқушыға көмек көрсетілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, 2019 жылдан бастап «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл бойы өтетін форматқа көшірілді, бірақ акцияның негізгі мақсаты - балаларды жаңа оқу жылына дайындау.

Акция аясында аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Қазіргі уақытта білім басқармасының тізімінде аз қамтылған отбасылардан шыққан 10838 бала бар. Оқушылар мектеп формасына, спорттық киімге мұқтаж.

Былтыр акция аясында 6292 балаға көмек көрсетілді. Оқушыларға киім-кешекке, құрал-жабдыққа, сөмке алуға жалпы сомасы 83 млн 565 мың теңге жұмсалған.

«Биыл да білім бөлімдерімен көмекке мұқтаж балалардың тізімі жасалды. Акцияның қайырымдылық екенін ескере отырып, көмек көрсету бойынша демеушілермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы білім беру қоры аясында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан 1561 баланы мектеп формасымен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл мақсатқа 58,2 млн теңге бөлінді. Сабақ басталуға бір айдың жүзі қалды. Сондықтан барлық бей-жай қарамайтын адамдарды осы игі іске қатысуға шақырамыз. Сіздің қайырымдылық көмегіңіз қиын жағдайға тап болған балаларға оқу жылына дайындалуға көмектеседі», - дейді Әсел Оразбаева.


Соңғы жаңалықтар