СҚО-да мектеп оқушысы 8 жасар қызға азғындық әрекет жасаған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында кәмелет жасына толмағандарға қатысты азғындық әрекет жөнінде екі іс тергеліп жатыр, деп хабалайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желідегі топтарда мектептен қайтып келе жатқан екінші сынып оқушысын біреулер зорламақ болды деген хабар тарап, жұрт дүрліккен болатын. Көбісі бұл жалған ақпарат деп ойлаған еді. Дегенмен, полиция департаменті «Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады.
«2 қыркүйек күні Петропавл қаласының полиция басқармасына 59 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол өзінің 8 жасар немересіне белгісіз біреу азғындық әрекет жасады деп арызданды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 13 жасар кәмелетке толмаған қала тұрғыны анықталды», - деп атап өтті баспасөз қызметі.
4 қыркүйек күні белгісіз адам 17 жастағы қызды зорламақ болды деген ақпарат та расталды. Күдікті 38 жастағы бұрын сотталған Петропавл қаласының тұрғыны болып шықты. «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу», «Зорлау» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
«Екі оқиға бойынша бірқатар тексеріс тағайындалды. Тергеу барысын Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы жеке бақылауына алды» делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар