СҚО-да медициналық қызметкерлер тапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 250 медициналық қызметкердің жетіспеушілігі байқалып отыр,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов мәлім етті.

«Кадрлар бойынша проблеманың бар екенін жасырмаймын. Облысқа шамамен 250 медициналық қызметкер жетіспейді, оның 160-ы облыс орталығына керек.  Сол себепті, біздің мамандар медициналық білім беру мекемелерін, университеттерді аралап шықты. Соңғы деректерге сәйкес, 80-ге жуық келісім бекітілді», - деді Құмар Ақсақалов.

Сонымен бірге, әкім Солтүстік Қазақстанға келуді ұйғарған мамандарға белгілі бір жеңілдіктер қарастырылғанын еске салды.

«Қалаға келетін маман 450 мың теңге көлемінде көшу құнын алады. Оған қоса, бюджеттен тыс қаражат есебінен маманның баспананы жалдау ақысын төлеп бере аламыз. Сондай-ақ, баспана кезегіне тұрғызып, балаларын балабақшаға орналастыруға көмектесеміз», - деп өз сөзін түйіндеді облыс әкімі.

Қ.Ақсақаловтың мәлімдеуінше, 2017 жылдың алғашқы 7 айында Солтүстік Қазақстан облысында  туберкулезбен ауыру көрсеткішінің 7,1%-ға (233-тен 214 оқиғаға дейін), онкологиялық аурулардың - 10,3%-ға (1130-дан 1003 оқиғаға дейін), онкологиялық аурулардан болған өлім-жітім деңгейінің - 13,5%-ға (434-тен 371 оқиғаға дейін) төмендегені байқалған.

Соңғы жаңалықтар