СҚО-да медициналық қызмет үшін 13,5 млрд теңге төлем жасалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Солтүстік Қазақстан облысының филиалы облыстың медицина ұйымдарына халыққа көрсетілген қызмет үшін бес айдың қорытындысы бойынша 13,5 млрд теңге төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ӘМСҚ» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан бойынша 2019 жылдың басынан төлем 464 млрд теңгені құрады. Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде бөлінді, бұл жалпы соманың 53,5%.

Биыл медициналық сақтандыру қоры кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 868 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 6% артық.

Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға республика бойынша 1416 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 708 жеке меншік клиника бар. Биыл олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 64-ке артқан.

Мемлекеттік тапсырысты алған жеке меншік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бастап тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.

Соңғы жаңалықтар