СҚО-да медицина мекемелерінің жұмысына қатысты арыз-шағым 2 есе өскен

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Биыл Солтүстік Қазақстан облысында медициналық ұйымдардың жұмысына тұрғындардан 180 шағым түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 78 жағдайға, яғни 56,6 % артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медициналық қызметтердің сапасын арттыруда өткен жылдан бастап 2020 жылдан бастап клиенттермен өзара қарым-қатынасты басқарудың ақпараттық жүйесі әзірленді.

Онда 1406 Call-орталығына, Qoldau-24/7 мобильді қосымшасына, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына келіп түскен шағымдар тіркеледі.

СҚО-да 9 ай ішінде медициналық ұйымдарының жұмысына 180 шағым түсті, бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 78 жағдайға артық.

«Шағымдардың басым бөлігі - 98-і Call-орталыққа 1406 нөмірі арқылы түскен. 66 шағым - Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы, 11 шағым Қор сайтына, 8 шағым ҚР ДСМ сайты арқылы және 3 шағым ҚР Денсаулық сақтау министрінің блогына келіп түсті. Тұрғындардың негізінен емханалардың жұмысына көңілдері толмайды. Мұндай шағымдардың саны 2,5 есе өскен. Ал мазмұнына келетін болсақ, 107 шағым немесе 60 %-ы өрескел қарым-қатынас, шақырудан бас тарту, тіркеуге қатысты, 31 шағым немесе 17 %-ы емханаларда тар мамандардың консультацияларын ұзақ күту мерзіміне, КТ және МРТ-ға кезекке, 24-і немесе 13 %-ы учаскелік қызметтің қабылдануын ұзақ күту, жедел медициналық көмектің келуден бас тартуы, медициналық ұйымға қоңырау шалу, медициналық этика мен деонтологияны бұзу, мобильдік бригада қызметтерінің қол жетімсіздігі мен сапасына және 16 шағым немесе 10 %-ы амбулаториялық деңгейде дәрілік препараттармен қамтамасыз етуден бас тартуға қатысты. Екі жағдайда алғыс айту үшін тұрғынар хабарласқан», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ бөлімінің басшысы Қарлығаш Ілиясова.

Барлық келіп түскен шағымдар мен өтініштер мерзімінде қаралып, оның ішінде 2 шағым бойынша филиал медициналық қызметтердің сапасын тексеруге бастамашылық етті.

Нәтижесінде денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарын бұзушылықтар анықталды. 14 олқылық бойынша медициналық ұйымға экономикалық шаралар қабылданды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациенттердің құқықтары жөніндегі омбудсмен ретінде қазақстандықтарды мәселе туындаған жағдайда хабарласып, медициналық көмек алу бойынша құқықтарын қорғауға шақырады. Егер ақылы негізде қызмет көрсетіліп, дәрі-дәрмектерді сатып алу ұсынылса - хабарласуды сұраймыз», - дейді Қарлығаш Ілиясова.


Соңғы жаңалықтар