СҚО-да мәслихат сайлауына қатысқан партиялар қанша дауыс жинады

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысы шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірде жалпы саны 384 148 сайлаушы тіркелген. Дегенмен, оның ішінде 250 379 адам дауыс беруге қатысқан. Ал, сайлауға 6 саяси партия түсті.

Аумақтық сайлау комиссиясының қорытындысына сәйкес, мәслихат сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар даусын былай бөліскен:

1. «Amanat» партиясы – 54,45% немесе 128 178 адам дауыс берді;

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 8,14% немесе 19 154 адам дауыс берді;

3. «Respublica» партиясы – 5,36% немесе 12 618 адам дауыс берді;

4. «Қазақстан халық партиясы» – 4,87% немесе 11 473 адам дауыс берді;

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 3,84 % немесе 9 034 адам дауыс берді;

6. «Ақ жол» демократиялық партиясы – 19,68% немесе 46 323 адам дауыс берді.

Ал, 8 646 адам «Бәріне қарсымын» бағанын таңдаған.

«Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5 және одан көп пайызын жинаған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың былайша бөлінгені белгіленсін: «Amanat» партиясы – 9 мандат, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2 мандат, «Respublica» партиясы – 1 мандат, «Ақ жол» демократиялық партиясы - 3 мандат», - делінген аумақтық сайлау комиссиясының қорытындысында.


Соңғы жаңалықтар