Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

СҚО-да мас жүргізуші полиция көлігін соқты

2019 жылғы 18 қаңтар 04:10 426
Бөлісіңіз:
СҚО-да  мас жүргізуші полиция көлігін соқты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәртіп бұзуышыны ұстау үшін полиция қызметкерлерінің күш қолдануына тура келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жолда «Мерседес» автокөлігі жүргізушісінің тәртіпсіздігі патрульдегі полицейлердің назарын аудартты. Автокөлік жүргізушісі тоқтау туралы билік өкілдерінің заңды талабын елемеген. Біраздан соң құқық бұзушы тоқтатылғанымен, алайда көлік салонынан шығудан бас тартып, алдында тұрған полиция қызметкерінің автомашинасын соқты. Оны ұстау үшін тәртіп сақшыларының күш қолдануларына тура келді», - делінген СҚО Полиция департаментінің хабарламасында.

Тексеру барысында 1978 жылы туған Петропавл қаласының тұрғынының бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны, сол сияқты жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Оған қатысты жасаған бұзушылықтары бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, кейін ол қалалық 1-ші полиция бөлімінің жедел-тергеу тобына тапсырылды.

«Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді», - деп хабарлады Петропавл қаласы 1-ші полиция бөлімінің бастығы, полковник Балабек Жахин.

Баспасөз мәліметіне сәйкес, биылғы жылы СҚО-да сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне полиция қызметкерлеріне бағынбаудың осымен екінші фактісі тіркелді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Дәулет Ізтілеу

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT