+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

СҚО-да мас күйде көлік жүргізген ауыл әкімі әлеуметтік желінің «жұлдызына» айналды

2019 жылғы 19 қараша 00:20
Бөлісіңіз:
СҚО-да мас күйде көлік жүргізген ауыл әкімі әлеуметтік желінің «жұлдызына» айналды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы Якорь ауылдық округінің әкімі қызметтік көлікке мас күйде отырып, елді мекендегі бір тұрғынның еккен ағаштарын соққан. Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, көптің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жайықта мұз ойығына түсіп кеткен велосипедші құтқарылды Гонконгта ұсталған қазақ студентінің соты 2020 жылдың қаңтарында өтеді Алматыда жаңа туған баланың денесі табылды

17 қараша күні әлеуметтік желілерде мас ер адамның қызметтік көлікте отырғандығы жөнінде бейнежазба жарияланды. Ролик авторының сөзіне қарағанда, ондағы ер адам - Якорь ауылдық округінің әкімі. Аяғында әзер тұрған ол «Жигулиді» басқара алмай, жолдан шығып кеткен.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті осы оқиғаның анық-қанығын тексерді.

«Құзырлы мекемелерге: аудандық әкімдікке, аудандық ішкі істер бөліміне, медициналық ұйымдарға сұрау салынды. Қызылжар аудандық әкімдігі берген ақпарат бойынша, ауылдық округ әкімі 14 қараша күні өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазып, 15 қараша күні оның өтінішіне қол қойылған. Ал оқиға 14 қарашадан 15 қарашаға ауған түні болған», - дейді департамент мамандары.

Бұдан басқа бейнероликте автор өзінің Қызылжар ауданы әкімімен туыстығын айтады. Бұл жайт та әлеуметтік желілерде көпшіліктің сынына ұшырады. Осыған орай Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті аудандық әкімдікке қатысты айтылған сыни пікірлерге жауап беру жөнінде хат жолдады.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Құмар Ақсақалов осы оқиғадан кейін Қызылжар ауданының әкіміне өз міндетіне салғырт қарағаны және бақылауды босаңсытқаны үшін сөгіс жариялады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT