СҚО-да мал шаруашылығы генетикасы орталықтары құрылады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірде ет және түт шаруашылығына арналған генетика орталықтарын құруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл шаруашылығы жұмысшылары күніне арналған салтанатты шарада облыс әкімі бір жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытудың міндеттерін белгіледі.

Қ. Ақсақалов мал шаруашылығының даму қарқыны баяу екенін айтты. Өсім бар, бірақ мүмкіндіктер одан да көп. Мемлекет субсидия бөлу арқылы барынша көмектесіп жатыр.

«Біз ет және сүт шаруашылығына арналған генетика орталықтарын ашуымыз керек. Биыл кешендер желісі құрылып жатыр, негізінен малдарды шетелден әкелеміз. Бір бас ірі қараны әкелу құны 1 млн теңгеге дейін жетеді. Біздің кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесі шығындарды 600-700 мың теңгеге дейін қысқарта алатынымызды көрсетті. Ақша өз облысымызда, елімізде қалады», - деді әкім.

Өңір басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға ерекше назар аудару қажет. Сегіз жылдан бері жұмысы тоқтап тұрған бұрынғы «Биохим», қазіргі «Bio Operations» зауыты іске қосылды. 12 млрд теңге инвестиция құйылды. Крахмал мен балауыз алу қолға алынды. Келер жылы биоэтанол өндірісі жолға қойылмақ.

«Келесі кезеңде лизин алу жобасы әзірленіп жатыр. Жануарлар азығына қосымша ретінде амин қышқылы пайдаланылып жатыр. Өнімділік 25%-ға дейін артады», - деді Қ. Ақсақалов.

Экспортты арттыру үшін жыл соңына дейін 7 сүт кешені іске қосылады. Өңір басшысының айтуынша, бұл игі істердің басы ғана. Алдағы уақытта мұндай жобалар облыстың әр ауданында іске асырылады.

Соңғы жаңалықтар