Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

СҚО-да магистратураға түскендердің тең жартысы шекті балды жинай алмады

2019 жылғы 16 тамыз 05:36 95
Бөлісіңіз:
СҚО-да магистратураға түскендердің тең жартысы шекті балды жинай алмады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл магистратураға түсуге өтініш бергендердің тең жартысына жуығы шекті 75 балды жинай алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да магистратураға түсу емтихандары аяқталды. Үміткерлер кешенді тестілеуден 10-14 тамыз аралығында өтті. Биыл оқуды жалғастыруға 366 солтүстікқазақстандық тілек білдірген.

Жоғары оқу орны өкілдерінің айтуынша, емтиханды объективті өткізу үшін металл детекторлары мен ұялы телефон сигналдарын басатын құралдар қолданылды. Кешенді тест тапсыратын барлық аудиториялар дыбыстық және бейнежазбамен жабдықталды. Сонымен қатар, онлайн-трансляция арқылы тестілеуді ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, жұртшылық және «Қызылжар - адалдық алаңы» аймақтық жобалық кеңсесінің өкілдері бақылады.

Магистратураға түсуге өтініш бергендердің 19-ы емтиханға келмеді. Кешенді тестілеудің талаптарын бұзғаны үшін 17 үміткердің нәтижесі жойылды. Нәтижесінде, 347 үміткердің 27-сі 100-ден жоғары, 138 талапкер 75-тен жоғары балл жинады. Ал өңір бойынша орташа балл 75 балды құрады.

«Жалпы биыл үміткерлердің арасында аса сұранысқа ие болып жатқан мамандықтар бұл – филология, оған 366 талапкердің арасынан 33 адам ниет білдірді. Дене шынықтыру мамандығына - 17, тарих және археологияға 14 адам құжаттарын тапсырды. Ал қалған пәндер бойынша тапсырғандардың орташа саны 7 – 8 шамасында», - дейді Қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының орынбасары Алмаз Кенжеғалин.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT