+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

СҚО-да лаңкестік пен экстремизмді насихаттаған тұрғын 7 жылға сотталды

2020 жылғы 18 қыркүйек 14:58
Бөлісіңіз:
СҚО-да лаңкестік пен экстремизмді насихаттаған тұрғын 7 жылға сотталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қалалық сотының үкімімен Тайынша ауданының тұрғынына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Оның лаңкестік пен экстремизмді насихаттағаны дәлелденді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да бала кездегі досын өлтірген тұрғын 11 жылға сотталды Нұрсұлтан Назарбаев орталығы Ватикандағы Папа Кеңесімен меморандумға қол қойды Астанада жалғызбасты ана қалалық тұрғын үй басқармасын сотта жеңіп шықты

СҚО соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Тайынша ауданының С. Есімді тұрғыны 2018 жылдың тамызынан 2019 жылдың маусымына дейін діни радикалдық бағыттағы фото-видео ақпаратты интернет сайттардан жүктеп, кейін әлеуметтік желідегі өз парақшаларында жариялап, мессенджерлер арқылы басқалармен бөліскен.

«Материалдардың барлығы діни алауыздық тудыруға, лаңкестік пен экстремизмді насихаттауға, қарулы қақтығыстарға қатысуға, соның ішінде «қарулы жиһадқа» шығуға шақырады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сотталушы өз әлеуметтік парақшаларында әркімге қолжетімді діни мазмұндағы роликтерді орналастырғанын мойнына алғанымен, терроризмді насихаттағанын теріске шығарды.

Сотталушының кінәсін дәлелдеу үшін кешенді сот психолого-филологиялық және діни сараптама жасалып, теолог сарапшының пікірі негізге алынды.

Тайынша ауданының 36 жастағы С. Есімді тұрғынының отбасы және қарауында кішкентай балаларының болуы оған артылған қылмыстық жауапкершілікті жеңілдетті. Алайда сот жаза кесуде қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамға әкелер қаупін, сотталушының тұрақты түрде қылмысты жасағанын және істеген ісіне өкінбейтіндігін ескерді.

Петропавл қалалық соты С.-ны кінәлі деп тауып, оны 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталған жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемесінде өтейтін болады. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT