СҚО-да ламинатталған фанера мен шпон зауыттары ашылады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жүзеге асырылатын және перспективалық инвестициялық жобалар туралы айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Арман Оразғұлов түрік әріптестерімен бірлесіп «Северный Фанерный Комбинат» ЖШС-ның ламинатталған фанералар дайындау бойынша зауыттың жобасын жүзеге асырады.

«Қоймалар үшін 1 га жер телімі қажет. Қаңтарда жер актісі шығады. Ішінде жұмыс басталып та кетті. 6 мың шаршы метр аумақты алып жатқан ғимаратқа қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл – бұрынғы құбыр зауытының ғимараты», - деді А.Оразғұлов.

Аймақта ашуды жоспарлап отырған тағы бір жаңа зауыт - ағаш өңдеу зауыты. «Траст Петролеум» компаниясы шпон шығарумен айналысады.

«Іске қосу-реттеу жұмыстары және алғашқы өнімді шығару 2020 жылдың қаңтарына жоспарланған. Ақпан айында олар Еуропа мен Қытайға жеткізу үшін өнімдерді сертификаттауды бастайды. Инвестордың одан әрі ағаш өңдеу және арнайы экономикалық аймаққа кіру бойынша жоспарлары бар», - деп атап өтті А.Оразғұлов.

Оның айтуынша, басқарма 226 млрд. теңгеден астам сомаға отандық және шетелдік капиталды тарта отырып 34 инвестициялық жобамен айналысады. Оларды жүзеге асыру 3 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Иллюстрациялық фото: www.newsler.ru

Соңғы жаңалықтар