СҚО-да Қытай компаниясы құны 58 млн. доллар инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр - ҚР АШМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық «AIJIU» өнеркәсіп тобы «Total Impex» ЖШС-мен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан облысында 58 млн. доллар сомасына май және дәнді дақылдарды терең қайта өңдеу бойынша инвестициялық жобаны іске асыруда.

Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 80 мың тонна өсімдік майын, 200 мың тонна ұн, 200 мың тонна жемді құрайды, деп атап өтті ҚР АШМ-нің баспасөз қызметінен.

Қазақстанда томат өндіру мен қайта өңдеу қытайлық «COFCO» компаниясы үшін ынтымақтастықтың басымдық бағытына айналды. Компания «Еуразия Агрохолдингпен» бірге Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облысында томаттарды өсіру және томат пастасын шығару кластерін құру бойынша жобаларға 80 млн. доллардан астам қаржы инвестицияламақ. Жобаларды бірлесіп іске асыру есебімен томаттардың өндірісін 120 мың тоннаға өсіру жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар