+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

СҚО-да қырманнан 40 тонна жасымық ұрланған, шығын - 11 млн теңге

2021 жылғы 16 қыркүйек 15:52
Бөлісіңіз:
СҚО-да қырманнан 40 тонна жасымық ұрланған, шығын - 11 млн теңге

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қырман басында жасалған ұрлықты ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да қоғамдық орындарда мас жүрген 10 мыңнан астам адам ұсталды Ақмола облысында жасөспірімді пышақпен қорқытқан 60 жастағы ер адам ұсталды ҚР Ішкі істер министрі киберқылмыстармен күресті күшейтуді тапсырды

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тайынша ауданының полиция бөлімі қызметкерлері «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Многоцветное елді мекеніндегі қырманнан жасымық ұрлады деген күдікпен аудан орталығы Тайыншаның тұрғындарын ұстады. Ауыл тұрғындары осындай бірнеше ұрлыққа қатысты болуы мүмкін.

Бірер күн бұрын аудан орталығы Тайыншадан 15 шақырым қашықтықта орналасқан Многоцветное ауылы маңындағы кәсіпорындардың бірінен жұмысшылар 4 тонна жасымықтың ұрланғанын байқаған. Бұл факті туралы полицейлерге хабарланады.

Тайынша ауданы полиция бөлімі бастығы Нұрлыжан Ақтановтың сөзінше, ұрлық қыркүйек бойы жасалып келген. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Олар осы токта жұмыс істейтін Тайыншаның екі тұрғыны болып шықты. Ұрланған жасымықтың жалпы салмағы 40 тонна, шығын сомасы 11 млн теңге шамасында.

Жасымықты қырманнан шығаруға бес техника - 2 КамАЗ, 2 ЗИЛ және жүк тиегіш пайдаланылған. Қазіргі уақытта техниканы жүргізген екі жұмысшының қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр. Ұрланған өнім осы аудандағы ауылдардың біріне өткізіліп отырған. Жасымықтың бір бөлігі алынды.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталғандардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT