СҚО-да қылмыстық топтың 206 томнан тұратын ісі сотқа жолданды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жеті жыл бойы жалған шот-фактуралармен айналысып, мемлекетке миллиардтап шығын келтірген ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі сотқа жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұйымдасқан қылмыстық топ салықтан жалтарған кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар беріп келген. Салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келген.

«Ұйымдасқан қылмыстық топ былтыр маусым айында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды. Олардың заңсыз қызметіне 300-ден астам бизнес өкілі жүгінген. Сотқа дейінгі тергеу барысында келісімдердің жалғандығы анықталды. Сондай-ақ сот 14 кәсіпорынның тіркелген және қайта тіркелген құжаттарын заңсыз деп тапты», - дейді СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің бастығы Нұрымжан Абатов.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта шамамен 25 млн теңге бюджетке қайтарылды. Тергеу аяқталып, 11 эпизод, 206 томнан тұратын қылмыстық іс сотқа жолданды.

Соңғы жаңалықтар